Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарашадан бастап елімізде жеңілдетілген автонесие беру қайта жалғасады

Қараша айының бірінші жартысында жылдық 4 пайызбен берілетін автонесие қайтадан іске қосылады. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының Х форумы барысында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров мәлім етті, деп хабарлайды қордың ресми сайты. 

Биыл шілде айында жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысатын қазақстандық банктер несие алуға өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатқан болатын. "Өнеркәсіпті дамыту қоры" өкілдері хабарлағандай, жеңілдетілген автонесие беруді қайтадан іске қосу жоспарланып отыр. Болжам бойынша, өтініштерді қабылдау қараша айында басталады. "Айналмалы қорға қаражат түсе бастады.

Айналым қаражаты қайтадан бағдарламаға енгізіліп, қаржыландыру қарашаның бірінші жартысында ашылады деп ойлаймын. Қараша айынан бастап жыл сайын 2000 автокөлік беріледі", - деді Ғаппаров.

Жиында атап өтілгендей, 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 13 307 несие мақұлданған, оның ішінде осы күнге дейін 10 000-нан астам автокөлік берілген. "Бүгінгі таңда аталған бағдарлама бойынша 13,5 мың өтінім мақұлданып, 11 мыңнан астам тұтынушы автокөліктерін алды. Бағдарлама 30 жыл бойы жұмыс істейтін болса, шамамен 60 мың автокөлік жаңартылады, яғни 60 мың тұтынушы өз көлігіне ие болады", - деді қор өкілі.

Еске сала кетейік, мамыр айында бірнеше екінші деңгейлі банктерге жеңілдетілген автонесие беруге 100 млрд теңге бөлінген болатын. Бағдарлама 30 жылға есептелген, ал несие мерзімі - 25 жыл. Несие шарттары бойынша қарыз алушылар өтейтін қаражат револьверлік негізде қайта игерілетін болады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады