Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Иордания арасындағы экономикалық ынтымақтастық артады

Қазақстан мен Иордания арасындағы экономикалық ынтымақтастық артады
Фото: primeminister.kz

Амман қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен Иордания Хашимит Корольдігінің Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрі Яруб Әл-Кудтың бірлескен төрағалығымен Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан–иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі елдің делегация өкілдері сауда және инвестиция, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, туризм, денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Иорданиямен тауар айналымы 4,2 есеге өсіп, $6 млн-ды құрады. Сонымен бірге бірлескен комиссияның төрағалары тауар айналымын одан әрі өсіру үшін қолда бар әлеуетті атап өтті.

Экспорттық тауар тізілімін кеңейту мақсатында Қазақстан бидай мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерін қосқанда, 15 тауар позициясы бойынша Иордания нарығына шикізаттық емес тауарларды жеткізуді арттыруға дайын.

Бұл ретте Қазақстан Иорданиялық компаниялардың еліміздің аумағында ет, астық, бұршақ және басқа да өнімдер өндіретін кәсіпорындарды құруға қатысуға мүдделі.

Иордания тарапы қазақстандық астықты баламалы көлік жолдары, оның ішінде Каспий теңізі арқылы импорттауға жоғары қызығушылық танытты. Қазақстан өз тарапынан тауарларды Иордания нарығына және MENA мемлекеттері (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері) нарықтарына экспорттау үшін Акаба портының әлеуетін пайдалануға мүдделі.

Туризмді дамытуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін Иордания әуе компанияларының Қазақстанға тікелей рейстерді ашу үшін «ашық аспан» режимін қолдану мәселесін талқылау маңызды қадам болды.

Тараптар уранды қосқанда, геологиялық барлау және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын атап өтті. Иорданияның мемлекеттік уран компаниясымен (JUMCO) «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының Корольдіктің уран жобаларына қатысуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қатысушылар екі елдің іскер топтарының, оның ішінде екіжақты сауда-экономикалық миссияларды ұйымдастыру арқылы тікелей өзара әрекеттесуінің қажеттігін атап өтті. Осы мақсаттарда қазақстан–иордания Іскерлік кеңесінің жұмысы жанданатын болады, оның отырысын келесі жылы Астанада өткізу ұсынылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты