Елордада полиция көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Елордада көші-қон тұрақтылығын сақтау және көші-қон процестерінің қылмыстық ахуалға жағымсыз әсерінің ықтимал тәуекелдерін азайту мақсатында осы жылдың 12-19 маусым аралығында елордада “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Полицейлер шетелдіктердің республика астанасында болуын, олардың шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заң талаптарын сақтауын, елден дер кезінде шығуын қадағалайды.
Жедел шара басталғалы еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 256 шетел азаматы мен 42 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды. 42 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Іс-шара кезеңінде құрылыс алаңдары, мейрамханалар, дәмханалар, базарлар мен сауда орталықтары тексеру жалғасуда.
Операция барысында Есіл ауданының көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік екі азаматты анықтады. Олардың бірі Қазақстанда болу мерзімінен асып кеткен. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 5 жыл мерзімге елден шығарылды. Екіншісіне қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.