2025 жылы Алматының ветеринарлық қызметі арнайы техника паркін жаңартады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті аясында 14 бірлік техника сатып алынады: 11 жүк көлігі (жануарларды ұстау үшін), жануарлардың өлекселерін тасымалдауға арналған 2 рефрижератор және жетуі қиын жететін аудандарда жұмыс істейтін ветеринарлар үшін 1 пикап.Жұмыстың жеделдігін арттыру мақсатында жануарларды ұстау қызметінің штатын ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар, ҰҰВБ (ұстау – ұрықсыздандыру – вакцинациялау – босату) бағдарламасы жалғасады. 2023 жылдың желтоқсанында ветеринарлық қызмет 12 KIA BONGO көлігін сатып алып, жануарларды ұстау бойынша жұмыс жасайтын бригадалар санын көбейтті. 2024 жылдың қаңтарынан бастап 8 аудан бойынша азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен өтініштерді өңдеу үшін күн сайын 2 бригада шығады.Бұл шаралар эпизоотикалық тұрақтылықты сақтауға және ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.6-12-2024, 18:22
Алматыда ветеринарлық қызметтің арнайы техника паркі жаңартылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз