Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісуда ұландық сақшылар пышақпен жүрген ер адамды құрықтады

Жетісуда ұландық сақшылар пышақпен жүрген ер адамды құрықтады
Фото: Polisia.kz

Жетісуда ұландық сақшылар пышақпен жүрген ер адамды ұстап, көлік қаққан азаматқа алғашқы көмек көрсетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Талдықорған қаласында орналасқан 5514 әскери бөлімінің жауынгерлері тұрғын үйдің ауласында өзімен пышақ алып жүрген ер адамды құрықтады.

Талдықорған қаласы көшелерінің бірінде қызмет атқарып жүрген ұландық әскери жасаққа орта жастағы 2 азаматша келіп көмек сұраған. Жастар 42Б мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің алдында белгісіз азамат жас қызды пышақпен қорқытып, өміріне қауіп төндіріп жатқанын айтқан.

Оқиға орнына келген әскери жасақ бастығы ефрейтор Бақдәулет Байсеит және патрульшілер қатардағы Медет Ерболов пен Саят Ахметқалиев ақпаратты патрульдік топ бастығына баяндап, қарсылық көрсеткеніне қарамастан, тәртіп бұзушыны дереу құрықтаған және полиция қызметкерлеріне тапсырған. Күдіктінге сыртқы тексеру жүргізгенде қалтасынан айғақ зат пышақ табылған. Анықтау барысында күдікті азамат түзеу мекемесінен бір күн бұрын ғана жазасын өтеп шыққан екен.

– Біз келгенде құқық бұзушы азамат аулада тұрған көліктің алдыңғы терезесін сындырып, көлік иесімен жанжалдасып тұр екен. Бізді көре салып қолындағы суық қаруын қалтасына жасырды. Дереу ол азаматты қолға түсіру үшін әрекет жасадық, себебі ол суық қаруды сілтеу арқылы айналасына қауіп төндіруі әбден мүмкін еді. Тәртіпке шақырып едік, өзімізге қарсылық танытпақшы болды. Жауынгерлік ұрыс тәсілдерін қолданып, бұзақыны ұстадық, – дейді ефрейтор Бақдәулет Байсеит.

Екінші оқиға Самал ауданында Алдабергенов пен Қонаев көшесінің қилысында болған. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан егде жастағы адамды көлік қағып кеткен.

Қаланың қоғамдық тәртібін қамтамасыз етіп жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы Әлихан Аманжолов және патрульшілер қатардағы Азат Тұрсын мен Азамат Тоқтар дереу радиостанция арқылы патрульдік топ бастығына жағдайды баяндап, жедел жәрдем шақыртуын сұрайды.

Кейін жапа шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

– Ұлттық ұлан жауынгерлері тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпейді. Кейде қала тұрғындарына медициналық көмек те көрсетуге тура келеді. Біз қызмет атқарып тұрған тұста ақ түсті Mazda Cronos көлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан азаматты қағып кеткенін байқадық. Ойлануға уақыт болмады, көмектесуге кірістік. Жапа шеккен азаматты орнынан тұрғызып, басынан аққан қанын сүртіп, сол жердегі орындыққа отырғыздық, – дейді қатардағы жауынгер Әлихан Аманжолов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді