Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ер адамға пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні ұстаған ұландықтар марапатталды

Ер адамға пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні ұстаған ұландықтар марапатталды
Фото: polisia.kz

Елодада ер адамға пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні ұстаған ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқиға 10 қыркүйек күні Байқоңыр ауданында болды. Ә. Жангелдин көшесінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде патрульдік топ бастығы Ермахан Төребеков қансырап жатқан адамды байқап қалған. Сарбаздар жәбірленушіге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Сондай-ақ бейнебақылау камераларының көмегімен оқиға орнынан қашып кеткен күдіктінің бағытын анықтаған. Шұғыл хабарлама алған әскери жасақ бастығы сержант Нұрсұлтан Қайратбек және патрульдеуші сарбаздар Бақытжан Боранбаев пен Ярослав Фикс жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, көп ұзамай күдіктіні Қарасай батыр көшесінде қолға түсіреді.

13 қыркүйек күні ҚР ІІМ Ұлттық ұланның елордадағы әскери қалашығында аталған әскери қызметшілер Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының бұйрығымен “Ұлттық ұлан қызметінің үздігі” төсбелгісімен марапатталды.

Марапатты жауынгерлерге Ұлттық ұлан Бас штаб бастығының орынбасары – жедел басқару бас басқармасының бастығы Ерлан Жақыпов табыстады.

– Қала тыныштығын сақтау — біздің басты міндетіміз. Бас қалада өтіп жатқан ауқымды шара кезінде тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін қорғауға ерекше мән берудеміз. Сондықтан кез келген жағдайға дайынбыз, көмекке жедел барамыз. Әрбіріңіз қала көшелерінен әскери жасақтарды көрген боларсыздар. Мінекей, сол сарбаздардың қырағылығының арқасында күн сайын түрлі қылмыстық оқиғаларға тосқауыл қойылып, есірткімен, қарумен жүрген, қоғамға қауіпті азаматтар қолға түседі. Жоғалған балалар ата-анасына, табылған заттар иелеріне қайтарылады. Адам өміріне араша түскен жағдайлар да аз емес, – дейді ұландық жауынгерлер.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады