Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қоғамдық орындарда кальян шеккен павлодарлықтарға 1,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Қоғамдық орындарда кальян шеккен павлодарлықтарға 1,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Фото: Polisia.kz

Қоғамдық орындарда кальян шеккен павлодарлықтарға 1,6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін тұрғындарға 1,6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Облыс полицейлері бұл тыйымды сақтау бойынша жедел рейдтер ұйымдастырып, құқық бұзушыларға қатаң шара қолдануда.

Облыс аумағындағы демалыс орындары мен ойын-сауық мекемелерін тексеру барысында биылғы жылы 41 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында мекеме иелері, әкімшілері және кальян шеккен келушілер бар. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,6 миллион теңгеден асты, ал 21 кальян мен оларға арналған құрылғылар тәркіленді.

Беркімбаев көшесіндегі бір мекемеде жас жігіт келушілерге кальян ұсынғаны үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар кальян қолданған келушіге де 55 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келді. Дүйсембаев көшесіндегі ойын-сауық мекемесінде де осындай жағдай тіркеліп, мекеме иесі мен жеті келуші жауапкершілікке тартылды.

Астана көшесіндегі ойын-сауық мекемесінде кальян шегуді ұйымдастырған әкімші мен оны тұтынған келуші де айыппұл арқалады.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, осындай рейдтер алдағы уақытта да жалғасады. Полиция тұрғындарға заңды сақтау қажеттілігін және денсаулыққа зиянды заттардан бас тартуды қатаң ескертеді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты