Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полицейлер есірткі жарнамасының таралуын тоқтатты

Астанада полицейлер есірткі жарнамасының таралуын тоқтатты
Фото: Polisia.kz

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында полиция қызметкерлері елорданың 19 жастағы екі тұрғынын ұстады, олардан интернет-ресурстардың мекенжайлары көрсетілген тыйым салынған заттардың жарнамалық парақшалары табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жас жігіттен заңсыз әрекеттерді жарнамалайтын флайерлер жинағы тәркіленді. Оны ұстау кезінде ол қашып кетіп, жасырынып қалуға тырысқан, алайда оны полиция қызметкерлері жедел құрықтады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай ақ қаланың көпқабатты үйлерінің бірінің ауласынан тағы бір астаналық азамат ұсталды. Оның есірткі тарататын интернет-дүкеннің есірткі жасырушысы болғаны анықталды.

Ұсталған адамның өзі есірткі жасырған жерді көрсеткен. Жасырылған жердегі жабысқақ лентамен оралған ұнтақ заты бар орама алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың марихуана есірткі құралы болғаны анықталды.

Сонымен қатар пәтерді тінту барысында бөлмеде өлшеп-орайтын мөлдір пакеттер, электронды таразылар мен жарнамалық брошюралар табылып, тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді