Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полиция қызметкерлері ер адамнан ірі көлемде кокаин тәркіледі

Елордада полиция қызметкерлері ер адамнан ірі көлемде кокаин тәркіледі
Фото: polisia.kz

Елордада полиция қызметкерлері ер адамнан ірі көлемде кокаин тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петров көшесінің бойында Haval автокөлігінің жүргізушісін ұстады, тінту барысында оның күртесінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді заты бар полиэтиленді 30 орама табылып, тәркіленді.

Көлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары осындай тағы 76 ораманы тапты. 33 жастағы ер адам интернет-дүкенде есірткіні орап, жинап және таратумен айналысқанын мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде қоқыс контейнерінің жанынан есірткі заттарын жасырған орын анықталды. Үлкен сөмкенің ішінен таразылар, ZipLock қалташалары, жабысқақ таспа мен есірткі табылды. Сараптама нәтижелеріне сәйкес тәркіленген есірткі салмағы 43,23 грамм кокаин, 600 грамм мефедрон, 100 грамм альфа- PVP екені анықталды.

Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді