Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Мектепке жарылғыш зат орнаттым»: ШҚО-да жалған ақпарат таратқан жасөспірім анықталды

«Мектепке жарылғыш зат орнаттым»: ШҚО-да жалған ақпарат таратқан жасөспірім анықталды
Фото: Polisia.kz

ШҚО-да жалған ақпарат таратқан жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінің кезекші бөліміне мектепте жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ақпараттың шынайылығын анықтау үшін полиция қызметкерлері мен кинолог мамандар жұмылдырылып, мектепті тексерген, алайда ақпарат жалған болып шықты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті – аталған мектептің 13 жастағы оқушысы екені анықталды. Жасөспірім әзілдеу үшін жалған хабарлама таратқанын мойындады.

Оқушымен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар кәмелет жасына толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Полиция террористік актілер туралы жалған хабарлама таратқаны үшін 14,5 млн теңгеге дейін айыппұл салынатынын немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін екенін ескертеді.

14 жасқа толған балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал 14 жасқа толмаған жағдайда балалардың ата-аналары тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты