Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында тергеу изоляторына есірткі алып өтпек болған

Батыс Қазақстан облысында тергеу изоляторына есірткі алып өтпек болған
Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында тергеу изоляторына есірткі алып өтпек болған әрекет анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №74 мекемесінің мәліметіне сәйкес, жақында тергеу изоляторына есірткі заттарын заңсыз жеткізу әрекеті әшкереленді. Құқық бұзушы азамат 191-баптың 1-тармағы, 2-бөлігі бойынша айып тағылған сотталғанның туысы болып шықты. Ол сотталғанға дәрі-дәрмек жеткізу сылтауымен арнайы келген.

Режимдік бөлім қызметкерлері дәрілік заттарды тексеру барысында 40 грамдық «Левомеколь» жақпамайының түтігінен ерекше иісі бар, ақ ұнтаққа ұқсас зат салынған полиэтилен пакетті анықтады. Аталған зат дереу тәркіленіп, барлық процесс бейнетаспаға жазылды.

Режим қызметкерлерінің айтуынша, мұндай заңсыз әрекеттер жиі кездеседі. Қылмыскерден жауап алу кезінде ол өзінің бұл әрекетінің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсінбегенін айтты.

Орын алған дерекке байланысты Орал қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Заң бойынша есірткі заттарын заңсыз жеткізу – ауыр қылмыс. Мұндай әрекеттер қатаң жазаланып, қылмыскерлердің жазадан құтылмайтынына кепілдік бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді