Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция көшеге 2 тонна құрылыс қалдығын тастаған тұрғынды жауапқа тартты

Полиция көшеге 2 тонна құрылыс қалдығын тастаған тұрғынды жауапқа тартты
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында полиция көше бойына 2 тоннаға жуық құрылыс қалдығын тастаған тұрғынды жауапқа тартты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қаласының полицейлері 2 күн бойы “Тазалық” іс-шарасын өткізіп, 168 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 146 жайт тіркелді. Абаттандыру қағидасын бұзған 3 тұрғынға айыппұл салынса, 12 тұрғынға ескерту берілді. Ал жолдарды және жол жабындыларын ластаған 7 тұлғаға айыппұл салынды. 

Мәселен, полиция 18 қараша күні облыс орталығы көшелерінің бірінен құрылыс қалдықтарын байқады. Бірден тексеру шараларын жүргізіп, абаттандыру қағидаларын бұзған жергілікті тұрғынды анықтады. Ол үйіне жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін 2 тоннаға жуық қалдықты көше бойына тастай салған. Қала тазалығына нұқсан келтірген тұрғынға заң талаптарына сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Бұл іс-шара “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында өткізілді. Мақсат – қала аумағында абаттандыру және ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың алдына алу, нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру. Іс-шараға поициямен қатар әкімшілік қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер, көпқабатты тұрғын үй тұрғындары мен кәсіпкерлік нысан иелері және еріктілер қатысты. Бұл бағыттағы шаралар өз жалғасын таба бермек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты