Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да интернет-алаяқтықпен айналысқан ірі қылмыстық топ құрықталды

БҚО-да интернет-алаяқтықпен айналысқан ірі қылмыстық топ құрықталды
Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысының прокуратурасы мен полиция департаменті бірлесіп жүзеге асырып жатқан “IT-TERGEU” жобасы аясында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды әшкерелеу тиімділігін арттыру бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген арнайы жедел тергеу іс-шаралары барысында Қызылорда облысының полиция қызметкерлері республика көлемінде интернет алаяқтықпен айналысып, жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде зиян келтірген, Батыс Қазақстан облысында орналасқан қылмыстық топты құрықтады.

Тергеу барысында айғақ заттар ретінде 16 телефон, бірнеше қолданылған SIM-карталар, Роутер құрылғысы және 3,5 млн теңге көлемінде ақша тәркіленді.

Күдіктілер Қызылорда облысының әлеуметтік желі пайдаланушыларына “несие тарихын жаңғыртып, ақша алуға арналған бағдарлама жасаймыз” деген жалған ақпарат таратып, өздерінің интернеттегі IP-мекенжайларын және банктік есепшоттарын бүркемелеп, жәбірленушілерден жалпы сомасы 45 млн теңге қаражатты алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін айыпталуда.

Соттың шешімімен күдіктілерге екі ай мерзімге “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу амалдары жалғасып жатыр.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты