Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырау облысында мас күйде аңға шыққан браконьер ұсталды

Атырау облысында мас күйде аңға шыққан браконьер ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қызылқоға ауданында өткен “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мас күйде аңға шыққан азамат ұсталып, заңсыз ауланған жабайы аңдар мен қару тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.

“Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз аңшылықпен айналысушылардың әрекеттерін әшкерелеу мақсатында 10 қараша күні сағат 23:30 шамасында Қызылқоға ауданының Тайсойған ауылына жақын маңдағы алқапта күмән тудырған Toyota 4 Runner автокөлігі тоқтатылды.

Оны басқарған 43 жастағы жүргізуші мен қасында болған 41 жастағы жолаушыны тексеру барысында жүргізушінің мас күйде көлік тізгіндегені анықталды.

Тексеру нәтижесінде көлік салонынан заңсыз ауланған үш жабайы қоян мен жүргізушінің атына тіркелген 12 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді. Құқық бұзушыға қатысты аң аулау ережелерін бұзу және мас күйінде көлік басқару деректері бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ол қамауға алынды. Іс-құжаттар Қызылқоға аудандық сотына жіберілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті