Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда қоғамдық орындарды ластағаны үшін мыңнан аса тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Петропавлда қоғамдық орындарды ластағаны үшін мыңнан аса тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: Polisia.kz

Жыл басынан бері Петропавл қаласында қоғамдық орындарды ластағаны үшін 1116 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдайлар негізінен қаладағы бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Солардың бірі — Северный тұрғын үй кешенінің маңында болған оқиға. Темекі тұқылын көшеге лақтырған 35 жастағы ер адам №7 учаскелік полиция пунктінің бақылау камераларына түсіп қалды. Аға учаскелік инспектор заң бұзушылықты дер кезінде анықтап, ақпаратты патрульдік полиция қызметкерлеріне тапсырды. Нәтижесінде тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелді.

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-2-бабына сәйкес, жалпы пайдалану орындарын ластағандарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Петропавл қаласындағы барлық учаскелік полиция пунктері бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, ал №7 УПП-де 40-қа жуық камера бар. Бұл камералар қаланың әр бұрышында заң бұзушылықты дер кезінде анықтауға және тұрғындар арасында құқықтық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері жол жиектерінде, саябақтарда және басқа да қоғамдық орындарда құқықтық мәдениет деңгейінің төмендігінен 1116 тұрғын әкімшілік жазаға тартылды. Полицейлер құқық бұзушылыққа “мүлдем төзбеушілік” қағидатын басшылыққа алып, қоғамдық тәртіпті қадағалауды күшейтіп отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді