Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында жоғалып кеткен мүгедектігі бар ер адам табылды

Ақмола облысында жоғалып кеткен мүгедектігі бар ер адам табылды
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында жоғалып кеткен мүгедектігі бар ер адам табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

31 қазанда Ақмола облысында психоневрологиялық ауытқулары бар азаматтарға арналған арнайы мекемеден қамқорлықтағы, психиатриялық есепте тұрған 50 жастағы ер адам өз еркімен белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Науқастың жоғалып кеткенін байқаған мекеме қызметкерлері бірден аудандық полиция бөліміне жүгінді. Жоғалған адамды іздестіру үшін полиция шұғыл шаралар қабылдады. Қызметкерлер оның ықтимал жүріп өткен бағыттарын мұқият саралап, жергілікті тұрғындардан келіп түскен ақпараттарды талдады, сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендерге патрульді күшейтті.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 1 қараша күні жақын маңдағы ауылдардың бірінен жоғалған азамат табылып, қайтадан мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, барлық мән-жайы анықталуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады