Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

QR-код арқылы есірткіні жарнамалаған күдіктілер қамауға алынды

QR-код арқылы есірткіні жарнамалаған күдіктілер қамауға алынды
Фото: Polisia.kz

Медеу ауданының полицейлері Абай даңғылындағы аялдамалардың бірінде есірткіні жарнамалаған жастарды ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Онда үш жігіт танымал топтың концертінің жарнамасын іліп жатты.

– Бір қарағанда, бұл зиянсыз көрінді. Алайда жарнаманың QR коды күдік тудырды. Одан өткеннен кейін адам есірткі сататын ресурсқа түседі. Ұсталғандардың арасында ерлі-зайыпты жұпта бар. Жастар оңай жолмен ақша табу үшін “жұмыс істеу” ұсынысына алданып қалғандарын мойындады. Тәжірибеден: есірткі жарнамалаушыларды жақсы табыспен қызықтырады, бірақ бұл қылмыстық жауапкершілікке және бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыратын тұзақ, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Үш адам қамауға алынды. Айғақты заттар тәркіленді.

Полицейлердің айтуынша, жедел-іздестіру шараларымен қатар, нашақорлықтың алдын алу және халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері есірткі сатуды жарнамалайтын 10 мыңға жуық граффити суреті табылып, жойылды. Сонымен қатар есірткі тарату және жарнамалаумен айналысатын 415 интернет-ресурс анықталды және бұғатталды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды