Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Республика күніне орай елордада әйелдер арасында волейболдан жарыс өтіп жатыр

Республика күніне орай елордада әйелдер арасында волейболдан жарыс өтіп жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада Республика күні қарсаңында волейболдан әйелдер арасындағы жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқоңыр ауданындағы Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясында екінші мәрте ұйымдастырылып жатқан бәсекеде 8 команда чемпиондық атақты сарапқа салып жатыр.Олардың арасында Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы, Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясы, №31 мектеп-гимназия, №5 мектеп-гимназия, Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі, №3 арнайы мектебі, Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейі мен Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы бар.Жеребе қорытындысы бойынша, алғашқы кездесуде былтырғы чемпион Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясы мен Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінің жолдары түйісті. Алғашқы раунд олимпиадалық жүйе бойынша өтетіндіктен, жеңілген ұжым бірден турнирмен қоштасатын еді. Сондықтан қос тарап та аянып қалмай, әр доп үшін жанталасты. Алғашқы 2 сетте командалар жеңіспен алмасса, нағыз жанталас шешуші сетте өрбіді. Алғашқыда 7:2 есебімен Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінің арулары сенімді түрде алда тұрғанымен, алаң иелері тез арада жинақталып, қарсыластың қателесуіне жол берді. Нәтижесінде 15:11 есебімен Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясының мұғалімдері жеңісті жұлып алды. Енді олар жартылай финалда айналмалы жүйе бойынша чемпиондық атақтарын қорғауға тырысады.

«Өздеріңіз байқағандай, ешкім оңайшылықпен жеңілгісі келмейді. Жарыс болған жерде міндетті түрде бәсекелестік болады. Республика күніне орай екінші мәрте ұйымдастырылып жатқан жарысымыз тек әйелдер арасында өтеді. Бұл да өзіндік ерекшелік. Жас шектеуі жоқ. Осындай турнир арқылы мектеп қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, өзара байланысын арттырып, жаңа таныстықтарға жол ашады. Ал бәсекеге келетін болсақ, барлық жеңімпаздардың есімі бүгін белгілі болады», - деді жарыс ұйымдастырушысы Қанағат Саятулаев.

Турнир соңында жеңімпаздар мақтау қағазымен, медальмен және арнайы кубоктармен марапатталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді