Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей Үкіметаралық комиссия отырысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Ресей Үкіметаралық комиссия отырысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Мәскеуде өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 25-ші Үкіметаралық комиссия отырысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстанның үкіметтік делегациясын Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, Ресей тарапын Ресей Федерациясы Премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук басқарды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар транспорттық-логистика саласында ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуда. 2024 жылдағы 9 айдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Ресей темір жолдары бірлескен жұмысының нәтижесінде, контейнерлердің Ресейден Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау көлемі 63%-ға, ал Ресей мен Қазақстан аумағы арқылы «Қытай – Еуропа – Қытай» бағытындағы тасымалдар 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65%-ға артты. Аталған отырыста тараптар контейнерлік пойыздардың «Қытай – Қазақстан – Ресей» бағыты бойынша жүк ағынын арттыру үшін Селятино стансасына жақын жерден транспорт инфрақұрылымын салу мәселесін пысықтауға келісім жасады. Бұл стансада биыл сәуір айында Сиань (Қытай) – Достық/Алтынкөл (Қазақстан) – Селятино (Ресей) маршруты бойынша жүк тасымалдауды барынша тиімді жүзеге асыруға бағытталған CRK Terminal заманауи транспорттық-логистика орталығын құру жобасы іске қосылды. Бұл орталық халықаралық транспорт дәліздерінің дамуына маңызды үлес қосып, Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Үкіметаралық комиссия отырысы барысында Қазақстан тарапы Ресей жағынан отандық карантинге жатқызылған өнімдер импортына шектеулер енгізу мәселесін көтерді. Тараптар жағдайды шешу жолдарын жедел әзірлеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдар арасында екіжақты консультациялар өткізуге келісті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, өнеркәсіп, энергетика, транспорт, қаржы, мәдениет, ғылым, білім және туризм салаларындағы нәтижелері де қаралды.

2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы $17,2 млрд-ты құрады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді