Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында 150-ден астам азамат көші-қон заңнамасын бұзған

Павлодар облысында 150-ден астам азамат көші-қон заңнамасын бұзған
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 150-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында 14 қазаннан бастап заңсыз көші-қонға қарсы бағытталған “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Үш күннің қорытындысы бойынша облыс аумағында көші-қон заңнамасының 152 рет бұзылғаны анықталды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 14 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 13 құқық бұзушы елден шығарылуға шешім қабылданды.

– Одан бөлек, төрт шетелдік қабылдағыш-таратқышқа орналастырылды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі бастығының міндетін атқарушы Александр Кузьменко.

Мысалы Павлодар қаласының Лесная – Казправда көшесі бойындағы құрылыс нысанында шетел азаматтарының заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталды. Сонымен қатар Ақсу қаласында сауда үйінің аумағында жақын шетел азаматының заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыру фактісі тіркелді.

Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, істер сотқа жолданды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушілерге де әкімшілік шара қолданылды.

Павлодар облысында полиция аймақ тұрғындары мен қонақтарын көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді