Алматыда 25 мыңнан астам шам ауыстырылып, 250 шақырымнан астам кабель тартылып, 1800 тірек орнатылды. Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» МҚК басшысы Игорь Мысык мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда шамамен 6 мың көше бар. Маманның айтуынша, олардың 85%-ы толық жарықтандырылған. Қаладағы 6 мың көшенің 85%-ы жарықтандырылған. Алайда бригадалар ескі желілерді де қалпына келтіріп жатыр.«Мысалы, бір көшеде белгілі бір учаске істен шығады, біз оны жөндейміз, ал бірнеше күннен кейін сол сияқты ақау басқа жерде пайда болады, содан бүкіл көше қайтадан жарықсыз қалады. Осыған байланысты тұтас аудандардың жарықсыз қалғаны туралы шағым түсіп жатыр», - деді ол.2024 жылдың қаңтарында «Алматы Қала Жарық» компаниясы жаңғырту бағдарламасын орындай алмаған жеке консорциумның сәтсіздігінен кейін қаланы жарықтандырумен айналыса бастады.