Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда теңіз суын тұщылайтын 9 зауыт салынады деп жоспарланып отыр

Маңғыстауда теңіз суын тұщылайтын 9 зауыт салынады деп жоспарланып отыр
Фото: pixabay.com

2025 жылы Маңғыстауда ауыз су тапшылығы тәулігіне 100-110 мың текше метрге жетуі мүмкін. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Маңғыстау облысында су құбыры желілері жүргізілген, бірақ тұщы су тапшылығы бар.

«Бүгінгі таңда аймақ негізінен «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры және тұщыланған теңіз суы арқылы қамтамасыз етіледі. Олардың жиынтық қуаты - тәулігіне 164 мың текше метр. Жазғы кезеңде ауыз су тапшылығы тәулігіне – 50 мың текше метрге жетеді. Өңірдің даму деңгейін ескере отырып, суға қажеттілік 2025 жылға қарай тәулігіне 100-110 мың текше метр болады деген болжам бар», - деді Ә. Пазылбекұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл мәселені шешу үшін 9 тұщыландыру зауытын салу бойынша ірі жобалар жоспарланған.

«Қазір біздің министрліктің бюджеттік бағдарламасы аясында Ақтау қаласындағы «Каспий» тұщыландыру зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін кеңейту жобасы іске асып жатыр. Жоба биыл жыл соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ, биыл Форт-Шевченко қаласында тұщыландыру зауытының құрылысына 4,2 млрд теңге және Ақтау қаласында қуаты тәулігіне 24 мың текше метр болатын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС аумағында орналасқан зауыт құрылысына 10 млрд теңге бөлінді», - деді комитет өкілі.

Бұдан бөлек, биыл жеке инвестиция есебінен «Қаражанбас» кен орнында қуаты 17 мың текше метр зауытын аяқтау жоспарланып отыр.

Бұған дейін Әзімбек Пазылбекұлы Астанадағы су тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтқан еді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді