Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сатушыларды ұрып-соққан: Өскеменде екі дүкенді тонап кеткен күдікті ұсталды

Сатушыларды ұрып-соққан: Өскеменде екі дүкенді тонап кеткен күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Өскеменде екі дүкенді тонап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады. Түнгі уақытта полицияға гүл сататын дүкеннің сатушысы тонау болғаны туралы хабарлаған.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам дүкенге кіріп, қорқытып, бірнеше рет ұрып, кассадан 14 мың теңгені алып, кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен. Екі күннен кейін полицияға дәл сондай қоңырау келіп түскен. Бұл жолы да ер адам азық-түлік дүкенінде сол сценарий бойынша әрекет еткен. Сатушыға күш көрсетіп, кассадан 110 мың теңгеден астам ақшаны алып, қашып кеткен.

Тәртіп сақшылары күдіктіні жедел анықтап, қамауға алды. Ол облыстың 30 жастағы тұрғыны екені, тонау кезінде қылмыс жасаған маңда тәулік бойы пәтер жалдап тұрғаны анықталды.

Ұрланған ақшамен қарыздарын өтеген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайды анықтауға бағытталған қосымша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады