Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Өңірлерде заңсыз көші-қон арналары жойылды

ІІМ: Өңірлерде заңсыз көші-қон арналары жойылды
Фото: бейнескриншот polisia.kz

Ішкі істер министрлігі қылмыстық және террористік әрекеттермен айналысатын адамдардың елге кіруіне жол бермеу мақсатында заңсыз көші-қон арналарын анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері осы айдың басынан бастап заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар бірнеше қылмыстық топтың жолын кесті.

Қылмыстық схемалар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту, жалған құжаттарды қолдана отырып, шетелдіктерге уақытша тұруға және жұмыс істеуге рұқсат беруді ресімдеу сияқты қызметтерден тұрған, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Жамбыл облысында жергілікті тұрғын ұсталды. Ол таулы аймақ арқылы Еуроодақ елдеріне табыс үшін барғысы келетін алыс шет елдердің азаматтарына заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған.

Атырау облысында үш шетелдік жалған құжаттарды пайдалана отырып, Қазақстан аумағында басқа шетелдіктерді тіркеумен айналысқан.

Осыған ұқсас қылмыстық схема елордада ашылды. Онда еңбек мигранттары үшін құжаттарды заңсыз ресімдеуге қатысы бар бес жергілікті тұрғын ұсталды.

– Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кінәлілер мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді Қуандық Алпыс.<!--more-->


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді