Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада бөтелкелесінің ақшасын жымқырған тұрғын анықталды

Елордада бөтелкелесінің ақшасын жымқырған тұрғын анықталды
Фото: Polisia.kz

Астана полициясы дәмханада тіркелген ақша ұрлығын ашты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға 53 жастағы қала тұрғыны жүгініп, ұрлық туралы арызданған. Ол дәмханада ішімдік ішу кезінде ақшасын ұрлап кеткенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған 62 жастағы азамат болып шықты. Полицейлер оқиға болардан алдын өтініш беруші бұл ер адаммен танысып, бірге алкогольдік ішімдік ішкенін анықтады.

Алайда көп ұзамай жаңа танысы қолайлы сәтті пайдаланып, жәбірленушінің күртешесінің қалтасынан қолма-қол ақшаны жасырын ұрлап алған, осылайша материалдық шығын келтірген.

Ұсталған ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Соған қарамастан ол ақшаның жартысын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, қалғанын төлеуге міндеттенді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сақ болуды сұрайды. Ұрлықты болдырмау үшін құқық қорғау органдары азаматтарға өз мүлкін мүмкіндігінше мұқият бақылауды ұсынады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты