Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада дәмхана қызметкерінің мерекелік сыйақысын ұрлап кеткен азамат ұсталды

Астанада дәмхана қызметкерінің мерекелік сыйақысын ұрлап кеткен азамат ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада дәмхана қызметкерінің мерекелік сыйақысын ұрлап кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға елордалық кафелердің бірінің қызметшісі жүгініп, белгісіз біреу оның ақшасын ұрлап әкеткені туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, мереке қарсаңында берілген сыйақыны жұмыс орнына қойып, клиентке қызмет көрсетіп келген соң ақшаның орнында жоқ екенін аңғарған. Мән-жайды анықтауға жұмылған Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 56 жастағы ер адамды құрықтаған. Белгілі болғандай, ол күндізгі уақытта оң жақ жағалауда орналасқан кафелердің біріне тамақтану үшін келген. Күдікті кафе қызметшісінің клиенттерге қызмет көрсетіп жатқан сәтін пайдаланып, кассаның жанында тұрған қолма-қол ақшаны жасырын алып, кафеден шығып, ілезде ізін суытқан. Ер адамның қылмыс жасап жатқан сәті камераға түсіп қалған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ұсталған азаматтың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты