Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысының киберполицейлері 170-тен астам интернет-сайтты бұғаттады

Алматы облысының киберполицейлері 170-тен астам интернет-сайтты бұғаттады
Фото: polisia.kz

Алматы облысының киберполицейлері 170-тен астам интернет-сайтты бұғаттады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасы шеңберінде Алматы облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы жыл басынан бері айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында түрлі сипаттағы 46 қылмыстық іске қатысы бар 74 күдікті анықталды. Жұмыс қорытындысы бойынша 117 қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды, бұл интернет-қылмыскерлермен күреске байыпты көзқарасты айғақтайды.

– Операция барысында ақша қаражаттарының заңсыз айналымымен айналысқан 62 тұлға ұсталды. Киберкеңістіктің тұрақты мониторингі нәтижесінде алаяқтық әрекеттер жүзеге асырылған 177 жалған интернет-сайттарды бұғаттауға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, киберқылмысқа күдікті 56 адамның шоттары жабылып, зардап шеккендерге 36 млн 462 мың теңге сомадағы ақшалай қаражат қайтарылды, – деп түйіндеді Алматы облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Нұржан Кеңесханұлы.

Криминалдық полиция басқармасы интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстардың алдын алу және ашу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. Облыс тұрғындары мен қонақтарына онлайн-сатып алулар мен қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде қырағылық танытуға, ал күдік туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді