Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында 50-ден астам алаяқтық жайтына қатысы бар әйел қамауға алынды

Түркістан облысында 50-ден астам алаяқтық жайтына қатысы бар әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, жақын таныс емес әйел ұлын мүгедектікке шығарып беремін деп, сеніміне кіріп, 100 мың теңге ақшасын алған. Алайда уәде етілген шаруа орындалмағаннан кейін, өзінің оңбай алданғанын түсінген тұрғын полицейлерден көмек сұраған. Аталған жайтты Түркістанның полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Қылмысты жедел ашу мақсатында Түркістан ҚПБ-да тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды, олар бірден алаяқтың жеке-басын анықтауға кірісті. Іздестіру іс-шаралары барысында күдікті жыл басынан бері бірнеше рет алаяқтық жасап, қолхатта жүрген Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Оны полиция қызметкерлері Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен жасырынып жүрген жерінен құрықтады. Түркістан ҚПБ полицейлерінің айтуынша, бұған дейін де, яғни жыл басынан бері сезіктінің алаяқтықтың 51 жайтына қатысы бары анықталып, іс-құжаттар сотқа жолданған. Қазіргі таңда осы қылмыстық істер қаралып, 15 маусым 2021 жылы соттың шешімімен 33 жастағы күдіктіге алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Белгілі болғандай күдікті әйел жалғызбасты және жұмыссыз, өзінің кәмелетке толмаған екі қызымен бірге тұрады. Сонымен қатар, соңғы бір айдың ішінде бас шарасы “қолхатта” жүрсе де, ескі әдетін тастамай, жеті адамды алдап, ақшаларын алып алғаны айқындалды. Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында тұрғындарға өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып, сенімдеріне ие болып, “қысқа мерзім ішінде мүгедектікке шығарып беремін” деген жалған уәдемен қарапайым азаматтарды сендірген. Қазіргі таңда соңғы алаяқтық жайттарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, құжаттар сотқа жолдану үстінде. Күдікті әйел қамауда.

Осы тұста Түркістан облысының полицейлері азаматтарға әр түрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуға шақырады. Таныс емес адамдарға көп мөлшердегі ақшаны сеніп тапсырмаңыз. Сақ болыңыз және күмәнді қызметтерді ұсынатын адамдардан оңай пайда табуға үміттенбеңіз. Егер сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға “102” телефоны арқылы хабарласыңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі