Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасына 2,3 трлн теңге бөлінді

Фото: zakon.kz

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының орынды жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-мен кездесу өткізді,деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚМА Төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында орта білім беру сапасын арттыруға және өскелең ұрпақты оқыту мен жан-жақты дамыту үшін лайықты жағдайлар жасауға ерекше назар аударғанын атап өтті.

Бұл міндетті орындау үшін "Жайлы мектеп" ауқымды жобасы іске асырылуда, бұл мақсатқа 2,3 трлн теңге бөлінді. Заманауи талаптарға сай 369 мектеп салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Агенттікпен жүргізілген мониторинг барысында мектеп салу кезінде артық шығындардың алдын алу фактілері бар.

"Samruk-Kazyna Construction" АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов жобаның іске асырылу мәртебесі, оны цифрландыру кезеңдері және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс жасау мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты