Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде үш ауысымды мектептерде 290 мыңнан астам бала оқиды

2021/2022 оқу жылының басында елімізде 7,6 мың мектеп болды. Оның 2,3 мыңы қалада, 5,3 мыңы ауылдық жерлерде орналасқан. Оларда 3,6 млн оқушы бар, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,3% көп. Қалаларда 2,1 млн, ауылдарда 1,5 млн оқушы мектепке барады, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
ҚР білім беру саласында бірқатар шешімін таппаған мәселелер қалып отыр. Оқушы орындардың тапшылығы ең өткір болып отыр. Қазір мектептердің көпшілігі оқушыларды екі ауысымда оқытады, мұндай мектептердің саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2021/2022 оқу жылында елімізде 5,2 мың осындай мектеп жұмыс істесе, 2020/2021 оқу жылында — 5,1 мың, одан бес жыл бұрын, 2017/2018 оқу жылында — 4,9 мың екі ауысымдық мектеп болған.

Сонымен қатар, елімізде үш ауысымда оқитын мектептер саны да артып келеді, бұл онсыз да дағдарысты жағдайдың нашарлағанын көрсетеді. Мәселен, 2021/2022 оқу жылында Қазақстанда 169 үш ауысымды мектеп жұмыс істеді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6% артық (160 мектеп), ал үш жыл ішінде мұндай мектептердің саны бірден 32% өсті.

Егер оқушылар санына қатысты жағдайды қарастыратын болсақ, онда мәселенің ауқымы айқынырақ көрінеді. Мәселен, соңғы мәліметтер бойынша үш ауысымдағы мектептерде 291,1 мың оқушы білім алуда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9% артық.

Өңірлер бойынша үш ауысымды мектептердің ең көп саны Алматыда (59 мектеп), сондай-ақ Маңғыстау (18 мектеп), Атырау (17 мектеп), Түркістан (15 мектеп) және Павлодар (10 мектеп) облыстарында байқалады.

ҚР-дағы оқушылар орнының, сондай-ақ үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығы мәселесін шешу үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы іске қосылды, оны 2023 жылдан 2025 жылға дейін іске асыру жоспарлануда. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы ретінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ таңдалды.

Ұлттық жобаны жүзеге асырудың арқасында республикада 842 мың оқушы оқитын 401 жаңа мектеп салынады. 2023 жылы 467,8 мың оқушыға арналған 221 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Жалпы жобаны жүзеге асыруға 2,6 трлн теңге мемлекет инвестициясы бағытталады.

Үкіметте өткен жиында ҚР премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов ірі қалаларда ішкі көші-қонның елеулі екенін, туу көрсеткіші мен халық тығыздығы жоғары екенін ескерсек, мектептердің сыйымдылығы 2,5 мың оқушы орынға жетуі тиіс екенін атап өтті. Мұндай ауқымды мектептер стандартты мектептермен салыстырғанда 2-3 есеге жуық көп оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл апатты мектептерді, үш ауысымда және толып жатқан оқу режимін жоюға байланысты мәселелерді шешуге, білім сапасын айтарлықтай арттыруға және оқуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәселе мемлекет басшысының бақылауында.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын жүзеге асыруға дайындық үстінде. Келесі тапсырмалар орындалды:
1) Құрылысы 2023 жылы басталатын 221 мектеп үшін жергілікті атқарушы органдардан (ЖАО) және ҚР Оқу-ағарту министрлігінен (ОАМ) жер телімдерінің алдын ала тізімі алынды.
2) Бес климаттық аймаққа арналған 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000, 2500 орындық мектеп жобаларының жеті түріне арналған форекстер (концепциялар) әзірленіп, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне бекітуге ұсынылды.
3) Жобаны мониторингілеудің оңтайлы ақпараттық жүйесі таңдалды, ол кез келген азамат үшін онлайн режимінде құрылыстың барынша ашықтығын қамтамасыз етеді.
4) EPC (жобалау, техникалық жабдықтарды жеткізу, құрылыс) келісімшарттарының жобалары бекітілуде. Бас мердігер бір мезгілде ұзақ мерзімді техника сатып алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алады.
5) Мектептерді жабдықтауға арналған оқу, шкафтық және жұмсақ жиһаздардың алдын ала тізімі анықталды. Отандық тауар өндірушілерді тарту бойынша «Атамекен» ҰКП және ҚР жиһаз және ағаш өңдеу кәсіпорындары қауымдастығымен келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен отандық өндірістің құрылыс материалдарын пайдалану мәселелері пысықталуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі