Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы кикшеринг операторларымен бірлесіп, ЖҚЕ сақталуын бақылады

Алматы полициясы кикшеринг операторларымен бірлесіп, ЖҚЕ сақталуын бақылады
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы мен кикшеринг операторлары жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылайды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері шеринг операторларымен бірлесіп Алматының негізгі тас жолдарын патрульдеді. Құқық бұзушылыққа жол берген самокаттардың жүргізушілерімен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Алматы қалалық полиция департаменті самокат жүргізушілері арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар шараларды жалғастыруда. Полиция қызметкерлері кикшерингтердің бірінің қызметкерлерімен бірлесіп, электросамокаттарда жауапкершілікпен жүру мәдениетін арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған патрульдік іс-шара өткізді.

Профилактикалық патруль аясында ереже бұзушыларға айыппұл салынбады. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, өздерінің және басқа да жол қозғалысы қатысушыларының алдындағы жауапкершіліктері ескертілді. Сонымен қатар самокат жүргізушілеріне қауіпсіз және этикалық жүрудің негізгі ережелері көрсетілген жадынама берілді.

Самокат жүргізушілеріне арналған бірыңғай ережелер 2023 жылдың қыркүйегінен бастап қолданылады. Самокат “Жол қозғалысы туралы” заңға өзгертулер енгізумен ресми түрде Алматы көлік жүйесінің бір бөлігі болды. ІІМ мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап самокаттардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны бірнеше есеге азайған. Сөйте тұра Алматыда самокатпен саяхаттау саны артып келеді.

Самокат жүргізушілерінің жиі жіберетін қателіктерінің бірі – екі адам мінгесіп жүргізу. Техникалық сипаттамаларына сәйкес, электр самокаттар тек бір жолаушыға арналған, сондықтан бір самокатты бірге жүргізуге қатаң тыйым салынады. Самокатты бірге жүргізуге заңмен және кикшеринг компанияларының ережелерімен тыйым салынады.

– Қазақстанда электросамокаттарды жүргізу мәдениеті сенімді түрде қалыптасып келеді. Дегенмен қасақана да, байқаусызда да бұзушылықтар орын алады. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі – біз үшін бірінші кезекте, сондықтан шеринг операторлармен бірлесіп, бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жалғастырамыз. Іс-әрекетімізден оң нәтиже көріп отырмыз, – деді Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

– Біз Алматы қалалық полиция департаментіне, Алматы қаласы әкімдігіне және Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігіне электросамокаттарды жауапкершілікпен жүргізу мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шараларды қолдағаны үшін алғыс айтамыз. Біздің ішкі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, самокатты пайдалану көбейгенімен, оқыс оқиғалардың үлесі азайып келеді. Бұл жағдайда біздің міндетіміз – барлық микромобиль көлігі жүргізушілеріне ережелерді жеткізу. Біз тек пайдаланушыларға ғана емес, бүкіл қалаға бағытталған бастамаларды белсенді түрде инвестициялаудамыз, – деді Whoosh компаниясының Қазақстандағы бас директоры Серік Қанапиянов.

Маусым басынан бері Қазақстанда электросамокаттармен жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында бірнеше профилактикалық рейдтер өтті. Мұндай шаралар жүйелі түрде жүргізілуі керек. Рейд жол-көлік оқиғаларының алдын алу және электронды самокат жүргізу мәдениетін арттыру бойынша басқа бастамаларды толықтырады.

Автомектеп шарасы жыл сайын Алматы мен Астанада өтеді. Шара аясында әрбір адам электр самокаттарды қауіпсіз жүргізудің негізгі ережелерін тегін оқып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін толықтыра алады. Биыл 5 шілдеде Алматыдағы автомектеп шарасы өтті.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді