Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет резервінен МАЭК қызметін қолдауға 5 млрд теңге бөлінді

Үкімет резервінен МАЭК қызметін қолдауға 5 млрд теңге бөлінді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысындағы «МАЭК» ЖШС қызметін қолдауға Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаражат облыстық бюджет арқылы энергетика комбинатын субсидиялауға бағытталатын болады, бұл кәсіпорынға алдағы жылыту маусымына уақытылы дайындалуға және энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2023 жылдан бастап кәсіпорынды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп келеді. Үздіксіз өндірістік циклды қамтамасыз етуге және жабдықтың тоқтап қалу қаупін азайтуға бағытталған бірқатар негізгі жобаларды іске асыру көзделген. Олар қазандық агрегаттарын, резервтік қорғау және автоматика жүйелерін, сондай-ақ электр энергиясын басқару мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін жаңғыртуды қамтиды.

МАЭК – Ақтау қаласын қоса алғанда, өңірдегі елді мекендер мен кәсіпорындарды электр және жылу энергиясымен, сондай-ақ ауыз су, ыстық және техникалық сумен қамтамасыз ететін Маңғыстау облысының ірі энергия кешені.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді