Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

МАЭК-те жөндеу жұмыстарын жүргізуге ҚР Үкіметінің резервінен 4,9 млрд теңге қаржы бөлінді

МАЭК-те жөндеу жұмыстарын жүргізуге ҚР Үкіметінің резервінен  4,9 млрд теңге  қаржы бөлінді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Үкіметі тарапынан Маңғыстау атом энергетикалық кешенінің (МАЭК) сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Маңғыстау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша МАЭК-те жөндеу жұмыстарын жүргізуге ҚР Үкіметінің резервінен шамамен 4,9 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді. Бұған қатысты ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады.

«МАЭК» ЖШС ұсынған тізім негізінде қажетті қосалқы жабдықтар мен тораптарды (компоненттерді) сатып алуға қаржыландыру тетіктері қарастырылды. Апаттық жағдайдағы құрамдас бөліктерді ауыстыру электр стансаларының генерациялаушы жабдықтарын тоқтату және тұтынушылар үшін шектеулер енгізу тәуекелдерін барынша азайта отырып, жабдықтың техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға және жұмыс кезінде олардың сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, МАЭК пен АМӨЗ-де орын алған апаттардың себептерін тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес энергия кәсіпорындарының жұмысындағы жүйелік кемшіліктер анықталған болатын. Келешекте мұндай дағдарыстық жағдайлардың алдын алу үшін Үкімет бірқатар шұғыл әрі жүйелі шараларды қолға алмақ. Олардың қатарында «МАЭК» ЖШС-ны жаңғырту және күрделі жөндеу, батыс энергетика аймағын нығайту, АМӨЗ-ді сыртқы электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету және онда өзінің жеке энергия көзін салу, батыс аймақты Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен байланыстыру және т. б. бар.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді