Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов МАЭК-тегі қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді

Әлихан Смайылов МАЭК-тегі қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексеру үшін Ақтауға жұмыс сапарымен келді. Онда 3 шілде күні апаттық жағдайда №1 энергетикалық блоктың жұмысы тоқтап қалған болатын, деп хабарлайды kazlenta.kz.

МАЭК Ақтау қаласының және Маңғыстау облысының басқа да елді мекендерінің тұрғындарын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ кәсіпорынның тұщыландыру кешені ауыз су, ыстық және техникалық су береді.

МАЭК-тің негізгі энергетикалық жабдықтары өткен ғасырдың 60-90-шы жылдары пайдалануға берілген, оның тозу деңгейі бүгінгі күні 80%-дан асады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы кәсіпорынды жаңғырту туралы тапсырма берген болатын. Аталған жұмыс аясында әкімдік резервінен электр станциясының әбден тозған жабдықтарын, тұщыландыру қондырғыларының сорғы жабдықтарын және т. б. ауыстыруға 2,6 млрд теңге бөлінді.

Комбинатты аралау барысында Әлихан Смайылов Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен «МАЭК» ЖШС бас директоры Жасұлан Сүйіншәлиевтің ЖЭС-тегі қазіргі ахуал туралы, сондай-ақ болған апаттың салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамаларын тыңдады. Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп жатқаны атап өтілді, 7 шілдеде энергия блогын толық жұмыс режиміне шығару жоспарланып отыр.

Премьер-Министр МАЭК-тің энергетикалық жабдықтарының тозуынан жабдықтар жиі істен шығып, апатты жағдайларға әкелетінін атап өтті. 3 шілдеде №1 энергоблоктың тоқтап қалуы салдарынан Маңғыстау және Атырау облыстарындағы нысандар жарықсыз қалды.

«Үкімет энергетикалық жабдықтарды жаңғырту үшін 4,9 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын арттырады. Әкімдік барлық өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын тез арада қалпына келтіруі қажет», — деді Әлихан Смайылов.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді