Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жансая Әбдімәлікті Қазақстан шахмат федерациясы «Дара» орденімен марапаттады

Қазақстан шахмат федерациясының президенті, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгін атақты қазақстандық гроссмейстер Жансая Әбдімәлікпен кездесіп, оны кәсіби жетістігімен жеке құттықтап, Шахмат федерациясының ең жоғары наградаларының бірі – «Дара» орденін тапсырды,  деп хабарлайды kazlenta.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Гибралтардағы әйелдер арасындағы шахматтан Гран-при кезеңіндегі ойынының қорытындысы бойынша Жансая Әбдімәлік тарихи жетістіктің авторы болды. Бірде-бір ойында жеңілмеген шахматшы мәртебелі жарыста мерзімінен бұрын жеңіске жетіп қана қоймай, сонымен қатар халықаралық гроссмейстер атағын алған алғашқы қазақстандық, сондай-ақ Орталық Азия өкілі болды.

Бейбіт Атамқұлов спортшыны жетістігімен шын жүректен құттықтап, еліміздің спорт жетістіктері қазынасына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, шахматшыға жаңа жетістіктер тіледі.

Анықтама үшін:

Жансая Әбдімәлік – қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер.

Өзінің алғашқы атағын Жансая Әбдімәлік алты жасында, 2006 жылы Алматы қаласының чемпионатында 8 жасқа дейінгі қыздар арасында жеңіп алған.  

Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ережелеріне сәйкес, ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер (ХГ) атағына қол жеткізу үшін ХГ үш нормасын орындау қажет және ELO FIDE рейтингісінде 2500 ұпайдан көп жинау керек.

ХГ алғашқы нормасын Жансая Әбдімәлік World Open 2017 (Филадельфия, США) ірі халықаралық турнирінде орындаған. 216 шахматшы, оның қатарында 33 гроссмейстер және 26 халықаралық шебер қатысқан додада ол екінші орынға ие болды.  Ал 2018 жылдың наурызында ол ХГ екінші нормасын орындады. 150 шахматшы қатысқан Karpos Open-2018 в Скопье (Македония) турнирінде Жансая бесінші орынды қанжығасына байлады. Дәл сол жылы сәуірде қазақстандық бойжеткен Budapest Spring Festival 2018 (Венгрия) халықаралық турнирінде үшінші норманы орындайды.

2021 жылы маусымда Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өткен ФИДЕ әйелдер Гран-приінің соңғы кезеңінде жеңіске жетті. Ол бірде бір ойында жеңіліс таппай, 11 ұпайдың 8½ жинады. Осылайша Жансая Әбдімәлік 2500 пункттен асатын, көптен күткен рейтингке қол жеткізіп, ерлер гроссмейстері атағына ие болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді