Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Илон Маск ұйымдастырған байқаудың финалисті электромобилін көрсетті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов америкалық бизнесмен Илон Маск ұйымдастырған Not-A-Boring Competition байқауына қатысушы Санжар Тайжанмен кездесті. Өнертапқыш министрге өзінің жаңа жобасы - қазақстандық электромобильді таныстырды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Санжар Тайжан өз командасымен бірге бензинмен жүретін автомобильдерді батареямен қозғалатын электр көліктері етіп, қайта жаңғыртады. Қазақстандық өнертапқыш машинаның прототипін Министрге көрсетіп, ерекшеліктері туралы айтып берді.

"Қазір электр көлігі жақсы ауа-райында 100 шақырымнан астам қашықтыққа жүре алады. Ал біз оны 500-600 шақырыға дейін арттыра аламыз. Басты мақсатымыз - электромобильдердің алғашқы қазақстандық брендін жасау. Жақын арада дизайны мүлдем жаңа 30 прототип әзірлеп, модельге 200-ден астам патент алуды жоспарлап отырмыз", - дейді Санжар Тайжан.

 
Стартап ең алдымен таксиді қоса алғанда еліміздегі қоғамдық көлікті электр түріне ауыстыруды көздейді.

Министр Бейбіт Атамқұлов табиғатты сақтауға және жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға ықпал ететін жаңа технологияларды дамытуды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

ҚР ИИДМ мен Санжар Тайжанның компаниясы жобаны іске асыру үшін бірлесіп инвесторлар іздестіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Министрлік стартапты дамытуға және оның өнімдерін ілгерілетуге жәрдемдеседі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді