Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов білім беру нысандарының жаңа оқу жылына толық әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды

Олжас Бектенов білім беру нысандарының жаңа оқу жылына толық әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атқарылып жатқан жұмыстар туралы, ішкі істер министрі Ержан Сәденов білім беру нысандарындағы қауіпсіздіктің ағымдағы жағдайы туралы баяндады. Сондай-ақ жекелеген өңір әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жаңа оқу жылында қазақстандық 3,9 млн оқушы мектепке барады, оның 360 мыңға жуығы – бірінші сынып оқушылары. 1 қыркүйекке қарай елімізде 61 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы, 2024 жылға арналған жоспарға сәйкес, елімізде 536 мың оқушыға арналған 302 жаңа мектеп ашылады.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов білім беру инфрақұрылымының және бүкіл оқу процесінің жаңа оқу жылына толық әзірлігін қамтамасыз етудің маңызды екенін баса айтты. Пайдалануға берілгеннен кейін мектептерді бала қабылдауға дайындау үшін де үлкен жұмыс атқарылатыны атап өтілді. Ғимараттарға, оқу кабинеттеріне, асханаларға қойылатын барлық қауіпсіздік шарттарын, санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы талаптарды орындау қажет.

Премьер-Министр мектептерді жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіп, пәндік кабинеттерді, зертханалар мен спорт залдарын жабдықтауды тапсырды. Сонымен қатар бұл – тек «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына ғана емес, барлық білім беру нысандарына қатысты қойылып отырған талап.

Үкімет басшысы бірқатар өңірлерде кейбір оқу орындарының дайындығы алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты. Мәселен, жаңа оқу жылына дейін үлгермей қалу қаупі жоғары білім ошақтарының жетеуі Ақтөбе облысында орналасқан.

«Құрылыс жұмыстары негізсіз созылып кетті. Осы бағытта барлық күш-жігерді біріктіріп, нысандардың белгіленген мерзімде тапсырылуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ тамыз айында күрделі жөндеу жұмыстарының барлығы аяқталуға тиіс. Алайда, 18 мектепте жоспарланған жұмыстардың 30%-ы ғана орындалған. Бұл Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарына қатысты. Аталған өңірлер шұғыл шаралар қабылдамаса болмайды. Балалар таза әрі ыңғайлы кабинеттерде білім алуы үшін оқу процесі басталғанға дейін жөндеу жұмыстарын аяқтаңыздар. Сонымен қатар оқу жылы басталғанша, физика, химия, биология, робототехника бойынша мыңға жуық пәндік кабинет сатып алынуы керек. Өңір әкімдіктері Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, барлық мектептерде заманауи пәндік кабинеттер ашу үшін кешенді жаңғырту жұмыстарын уақтылы қамтамасыз етуі қажет. Бұл жұмысқа салғырт қарауға болмайды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет отырысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесі де жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар ІІМ биыл 2 655 нысан тексерілді, 1 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Құқық қорғау органдары арқылы 95 млн теңгеге айыппұл салынып, 340 басшы жауапкершілікке тартылды. Бүгінде көптеген білім беру ұйымы бейнебақылаумен 100% жабдықталған, алайда жеке құрылымдар камераларының тек 55%-ы Жедел басқару орталығына шығарылған. Ең нашар жағдай Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында қалыптасып отыр.

Жеке нысандардың 85%-ы дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген. Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары дабыл түймелерімен ең аз қамтылған аймақтар қатарында. 700-ден астам адамнан тұратын білім беру нысандары: радиобайланыс құралдары, қызметтік қарулары, жедел мобилді топтары бар лицензияланған күзет ұйымдарын тартуы тиіс. Алайда, ішкі істер министрі атап өткендей, жекелеген нысандарда күзетшілердің көбі – қарапайым вахтерлер мен зейнеткерлер.

«Өңір әкімдері білім беру ұйымдарын лицензияланған күзетпен, турникеттермен, жедел басқару орталықтарына қосылған камералармен жабдықтауы қажет. Ішкі істер министрлігі осы бағытта тексерулерді жалғастырсын. 1 қыркүйекке қарай қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау үлесін 90%-ға дейін қамтамасыз етіп, жыл соңына дейін 100%-ға жеткізу керек», — деп атап өткен Олжас Бектенов вице-премьер Тамара Дүйсеноваға әкімдіктер жүргізіп жатқан жұмысты жеке бақылауына алуын тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады