Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов: 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн бастауыш сынып оқушы мен мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасылардан шыққан балалар тегін тамақпен қамтылады

Олжас Бектенов: 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн бастауыш сынып оқушы мен мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасылардан шыққан балалар тегін тамақпен қамтылады
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов балаларды 1-ші сыныпқа қабылдау процесін дұрыс ұйымдастыру және мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне назар аударды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жаңа оқу жылында 360 мың оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Олжас Бектенов қабылдау процесінің белсенді жүріп жатқанын, оны дұрыс ұйымдастыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар бұрын балабақшаларға бармаған болашақ бірінші сынып оқушыларына көбірек көңіл бөлген жөн. Ол үшін мектепке дейінгі мекемелердегі консультациялық пункттердің қызметін жандандыру қажет.

«Жаңа оқу жылы қарсаңында мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілуге тиіс. Биыл 500 мыңнан астам бала үшін 22 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты көзделген. Әкімдіктер мектеп формасы мен керек-жарақтарды сатып алу үшін қаражаттың ата-аналарға уақтылы жіберілуін қамтамасыз етсін», — деді Олжас Бектенов. 

Сондай-ақ Премьер-Министр 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы: бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал санаттағы балалар тегін тамақпен қамтылатынын айтты. Мектептерде тегін тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында әкімдіктер қажетті қаражат бөлді.

Сонымен қатар Атырау, Түркістан, Жамбыл облыстарының бірқатар мектептерінде асхана жоқ. Олжас Бектенов аталған өңірлердің әкімдіктеріне тамақтану сапасын және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін ерекше бақылауға алуды тапсырды. 

Оқу-ағарту министріне барлық мектептердің оқулықпен толық қамтамасыз етілуін бақылауда ұстау тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады