Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана полицейлері сауда орталығында жасалған ұрлықты ашты

Астана полицейлері сауда орталығында жасалған ұрлықты ашты
Фото: polisia.kz

Астана қаласының полицейлері сауда орталығында жасалған ұрлықты ашты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға сауда орталығының қызметкері жүгініп, белгісіз адам дүкеннен спорттық аяқ киімді ұрлап әкеткенін айтып арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 31 жастағы ер адамды анықтады.

Тергеу барысында қаскүнем клиент кейпінде сауда залына келіп, тауарларды қарағаны белгілі болды. Ол өз еркімен қораптан екінші аяқ киімді алып шыққан, содан кейін қауіпсіздік магнитін алып тастап, аяқ киімді киіп дүкеннен кетіп қалған. Оның ұрланған мүлікті басқа тұлғаға қайта сатқаны анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Полиция сауда нүктелерінің иелеріне сақ болуға, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Объектілерді бейнебақылау камераларымен жарақтандыру және дүкендерде ұрлықтан қорғау шараларының сенімді кешендерін енгізу қажет.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты