Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада техника дүкенінен екі рет ұрлық жасаған тұрғын ұсталды

Елордада техника дүкенінен екі рет ұрлық жасаған тұрғын ұсталды
Фото: polisia.kz

Елордада техника дүкенінен екі рет ұрлық жасаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлықтың екі фактісіне қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы тұрғынды анықтады.

Тергеу барысында әйелдің оң жақ жағалауда орналасқан электронды техника дүкеніне келгені белгілі болды. Сатып алушы кейпінде тауарларды қарап жүріп, күдікті куәгерлердің жоқтығына көз жеткізген соң гаджеттер тұрған сөреден құны 68 мың теңгеден асатын Samsung телефонын алып кеткен. Араға бірнеше күн салып әйел қылмыс орнына қайта келіп, бұл жолы да тура сол марканың телефонын алып сауда залынан шығып кеткен.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, әйелдің елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады