Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық әуе компаниялары жаңа рекорд орнатты

Қазақстандық әуе компаниялары жаңа рекорд орнатты
Фото: pixabay.com

Авиация саласында әуе көлігін пайдалану мәдениеті белсенді түрде қалыптасып келеді. Әуе тасымалдар халық арасында көліктің неғұрлым танымал түріне айналуда, жолаушылар тасымалының 23%-ға ұлғаюы мұның бірден бір дәлелі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл қазақстандық авиакомпаниялар рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, тасымалданған жолаушылар саны 13 млн-ға жетті.

Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелерінің паркі 89-дан 99 бірлікке дейін, ал кресло-орындардың сыйымдылығы 12-ден 15 мыңға дейін ұлғайтылды. Қабылданған шаралар әуе тасымалдардың қолжетімділігін жақсартуға және рейстердің жүйелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жеке инвестициялар есебінен Шымкент, Қызылорда және Алматы қалаларында 3 жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандар келесі жылдың наурыз, мамыр және маусым айларында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Барлық өңірді қолжетімді авиатасымалдармен қамту мақсатында 23 ішкі әлеуметтік маңызы бар және туристік бағыт субсидияланды.

Жыл соңына дейін қазақстандық әуежайлар 25 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетеді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға артық.

Ішкі тасымалдау көлемі толығымен қалпына келтірілді және аптасына 50 бағыт бойынша 640 рейсті құрайды.

28 елмен халықаралық әуе қатынасы жолға қойылған. Биыл 23 бағыт бойынша 13 елге жаңа рейстер жаңартылып, ашылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді