Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада дәмханадан 2 млн теңгенің мүлкін қолды қылған күдікті анықталды

Елордада дәмханадан 2 млн теңгенің мүлкін қолды қылған күдікті анықталды
Фото: polisia.kz

Елордада дәмханадан 2 млн теңгенің мүлкін қолды қылған күдікті анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтнына сілтеме жасап.

Полицияға Астанадағы отбасылық дәмханалардың бірінің иесі ұрлық фактісі бойынша арызбен жүгінген.

Тергеу барысында дәмхана ғимараты қараусыз қалғаны анықталды, бұл қаскүнемнің назарын аударған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды ұстады. Ол терезені бұзу арқылы үй-жайға кіріп, сол жерден жалпы құны 2 млн теңгеге теледидар, кабель және 100-ге жуық радиаторды алып кеткен. Ол ұрланған мүлікті металл қабылдау пунктіне өткізген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаскүнем Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Елорда полицейлері рейдтік іс-шаралар барысында түрлі-түсті және қара металдарды, олардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу және заңсыз айналымы орындарын үнемі тексеріп отырады.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қылмыстық жолмен көрінеу өндірілген мүлікті сатып алу немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді