Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында 4 мыңнан астам азамат жаңа үлгідегі жеке куәлік алды

Абай облысында 4 мыңнан астам азамат жаңа үлгідегі жеке куәлік алды
Фото: polisia.kz

Абай облысында 4 мыңнан астам азамат жаңа үлгідегі жеке куәлік алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылдың 15 маусымынан бастап ҚР азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігі қолданысқа енгізілді. Абай облысында 4 мыңнан астам азаматқа жаңа үлгідегі жеке куәлік берілді.

Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетілген. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.

Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады. Жаңа үлгідегі жеке куәліктерді мерзімі өткеннен кейін, құжаттың жарамсыздығына байланысты немесе өзге де себептер бойынша ауыстыруға өз бетінше өтініш білдірген ҚР азаматтары алады.

Жеке куәліктің жаңа дизайны азаматтардың жаңа құжатты рәсімдеу үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді. Жеке куәлік жасату құны – 0,2 АЕК – 738 теңге.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты