Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда ана құрсағындағы ұрыққа бірегей операция жасалды

Қазақстанда ана құрсағындағы ұрыққа бірегей операция жасалды
Фото: AYALA қоры

Қазақстанда алғаш рет ұрықтың несеп шығару жүйесінің туа біткен ақауларын түзету үшін жатырішілік араласу жүргізілді. Операция шетелдік мамандардың қатысуымен мастер-класс шеңберінде UMC клиникасының базасында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында өткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жүктіліктің 19-шы аптасында әйелде ұрықтың даму ақауы анықталған.

“Пренаталдық консилиум ұрықтың қуығын жатырішілік дренаждау қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Бұл өкпе гипоплазиясының алдын алу және болашақ нәресте бүйрегінің қалыпты жұмысын сақтау үшін қажет. Операция сәтті өтті. Пациенттің жағдайы тұрақты, ұрықтың дамуын динамикалық байқау мен бақылау жоспарланған”, – деп жазылған хабарламада.

Феталдық хирургия - жаңа туған нәрестелердің өлімі мен мүгедектігінің алдын алу үшін жатырішілік операциялар мен инвазивті араласуларды қамтитын медицинадағы жаңа бағыт. Мұндай емшаралар әлемнің жетекші медициналық орталықтарында жүзеге асырылады.

“Енді мұндай жедел араласулар Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жүзеге асырылады. Онда бұл үшін барлық жағдай жасалған. Болашақта мұнда диафрагмалық жарықты, ТТС синдромын, сегізкөз-құймышақ тератомасын және тиімділігі әлемдік клиникалық практикамен дәлелденген басқа да даму ақауларын түзету бойынша операциялар жүргізу жоспарлануда”, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты