Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде жүктіліктің 9-аптасынан бастап ұрықтың ДНҚ диагностикасы енгізіледі

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі жүктіліктің 9-аптасынан бастап инвазивті емес пренаталдық ДНҚ тест әдісін клиникалық практикаға енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz.

ДСМ мәліметінше, бұл зерттеу жүктіліктің басында ұрықтың хромосомалық ауытқуларын жоғары сезімталдықпен анықтауға мүмкіндік беретін бірегей заманауи әдістердің бірі болып табылады және әйел үшін де, ұрық үшін де қауіпсіз.
"Жүктілік кезінде скринингтік зерттеулерді уақтылы жүргізу, пренаталдық медицинаның соңғы жетістіктеріне негізделген заманауи және тиімді медициналық технологияларды енгізу туа біткен патология бойынша қауіп тобын бөліп көрсетуге және ұрықтың даму ауытқуларының үлкен спектрін диагностикалауға мүмкіндік береді. Жүкті әйелдерді скринингпен барынша қамту үшін іргелес аумақтағы жүкті әйелдер санына сәйкес қажеттілікті, аудандарда көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғысынан қолжетімділікті, ультрадыбыстық пренаталдық диагностика саласындағы халықаралық стандарттар бойынша жабдықтар мен серитификацияланған мамандардың жеткілікті санымен қамтамасыз етуді ескере отырып, өңірлендіруді жүргізу жоспарлануда", - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.
Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда өңірлерде перинаталдық нәтижелерді жақсарту үшін сараптамалық деңгейдегі медициналық қызметтер көрсету мақсатында "Ұрықты қорғау орталықтары" ұйымдастырылған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді