Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе дәлізін ашты

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе дәлізін ашты
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігі арқылы өтетін жаңа Т916 бағыты ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасын жалғайтын қосымша бағыттардың бірі. Бұл бағыт ашылғалы Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға 19 рейс орындалды.Жаңа бағытпен Lufthansa Cargo (Германия), Cargolux (Люксенбург), Cargolux Italy (Италия), Nomad aviation (Швейцария), Western Global Airlines (США), Aerologic Cargo Airlines (Германия) сияқты авиакомпаниялар рейстер орындауда. Т916 әуе кеңістігі трассасының жалпы ұзындығы 2187 шақырымды құрайды, оның ішінде борттар 437 шақырым Өзбекстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланса, қалған 1750 шақырым Қазақстан Республикасының аумағының үстімен өтеді.Айта кету керек, Т916 әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жаңа бағыты Өзбекстан Республикасының авиакомпаниялары мен аэронавигациялық провайдері – «Узаэронавигация» МУК ұсынысы бойынша ашылды. Бұл бағыт ИКАО-ның таңдаулы бағыттарының каталогына енгізілді.«Қазаэронавигация» РМК мамандарының айтуынша, жаңа әуе дәлізі шетелдік авиакомпаниялар үшін Қазақстан әуе кеңістігінің тартымдылығын арттырады, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан әуе қозғалысына қызмет көрсету өңірлік орталығының авиадиспетчерлеріне түсетін ауыртпалықты азайтуға көмектеседі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді