Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыл басынан бері Қазақстанда кейбір ауру түрі мүлде тіркелген жоқ

Жыл басынан бері Қазақстанда кейбір ауру түрі мүлде тіркелген жоқ
Фото: pixabay.com

Биылғы 6 айда халық арасында 23 ауру түрі — нозология, оның ішінде тырысқақ, күйдіргі, іш сүзегі, сіреспе, дифтерия, құтыру дерттері тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 инфекциялық аурумен сырқаттану төмендеді. Оның ішінде бруцеллез 27%-ға, сальмонеллез – 18%-ға, сірлі менингит – 2,5 есеге төмендеді.

«Жаз кезеңі кенелердің жандануына байланысты аурудың өсуімен сипатталады. Республиканың 4 өңірінде - Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары бар. Жыл сайын өңірлердің әкімдіктері мен аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен (КҚГҚ) сырқаттанудың алдын алу мақсатында көктемде кенеге қарсы іс-шаралар өткізеді. КҚГҚ бойынша қолайсыз елді мекендердің айналасында санитариялық-қорғау аймақтары, буферлік аймақтар құрылады, ауыл шаруашылығы жануарларын кенеге қарсы өңдеу және мал қораларын өңдеу жүргізіледі.

Соңғы 6 айдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда тұрғындардың Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен сырқаттануы 43%-ға төмендегені байқалады", - деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасы.

Биылғы сәуір айынан бастап Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 16 жағдайы тіркелді, оның ішінде 7 жағдай Түркістан, Қызылорда облыстарында және 2 жағдай Шымкент қаласында болған.

«10 жағдайда науқас адамдар мал бағуға қатысқан, 5 жағдайда науқастарды кене шаққан, 1 жағдайда науқас эндемиялық аймақта табиғатқа шыққан. Биыл 2 адам аурудан қайтыс болды, 8 науқас емделіп жатыр, қалған науқастар сауығып шықты, байланыста болған 115 адам медициналық бақылауда», - деді З. Ахметова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі