Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Цой санитарлық эпидемиологияқ жағдай және ҚР СЭҚ дамуы туралы айтып берді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатына қатысты. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы депутаттарға санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы және Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

А. Цой хабарлағандай, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ҚР-да 23 нозология бойынша аурушаңдықтың төмендеуіне қол жеткізілді. Бұл ретте, 2021 жылғы 8 айда оба, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, туляремия, дифтерия, қызамық, полиомиелит, сіреспе аурулары тіркелген жоқ. Министрлік сондай-ақ тұрақты негізде вакцинамен басқарылатын ауруларға эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асырады. Жалпы, аурудың төмендеу үрдісі байқалады.

«2021 жылдың 8 айында республика бойынша менингококк инфекциясының 12 жағдайы тіркелді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе төмен. Көкжөтелмен, эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады, сіреспенің жекелеген жағдайлары тіркелген.

2018 жылдың аяғынан бастап қызылша ауруы бойынша жағдай тұрақтанды», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Өз сөзінде Министр депутаттарға халықты профилактикалық екпелермен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, коронавирустық инфекция пандемиясымен күрестің өзекті мәселелеріне және елде COVID-19-ды тежеу бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

«Ағымдағы жылы қалаларда уақытылы медициналық көмек көрсету үшін 16 модульдік аурухана салынды және 3 инфекциялық аурухана қайта жаңартылды, сондай-ақ 63 амбулаториялық-емханалық ұйым пайдалануға берілді. Халықты дәрілік препараттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. 64 оттегі станциясы пайдалануға берілді, медициналық ұйымдардың ӨЖЖ аппараттарына қажеттілігі толық қамтамасыз етілді. 185 аудандық аурухана 100% рентгендік диагностикалық жабдықтармен жабдықталған. Жедел медициналық көмек қызметі 1 367 бірлік автокөлік сатып алу арқылы күшейтілді, жылжымалы медициналық кешендер паркін 100% жарақтандыруға қол жеткізілді. Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне материалдық қолдау көрсетілді. КВИ-мен күреске тікелей тартылған қызметкерлерге 3 тәуекел тобы бойынша 116 млрд.теңге мөлшерінде үстемеақы төленді», - деп хабарлады А. Цой.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы санитарлық-эпидемиологиялық қызметті дамыту мәселелеріндегі проблемаларға және оларды шешу жолдарына жеке тоқталды. Сонымен, кадрлық қамтамасыз ету, жеке ақпараттық жүйелердің болмауы, компьютерлік техникамен нашар жабдықтау, ғимараттар мен жабдықтардың тозуы негізгі проблемалық нүктелер болып қала береді. Осыған байланысты кадрлық әлеуетті нығайту үшін Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлердің жалақысын арттыру бойынша шаралар қабылдауда, 2021-2022 оқу жылында медициналық жоғары оқу орындарында санитарлық-гигиеналық бейіндегі мамандарды «Қоғамдық денсаулық» жаңа білім беру стандарты бойынша оқыту басталды, сондай-ақ бейінді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру гранттарының саны ұлғаюда.

Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 2021 жылы 90 бірлік автокөлік сатып алу, 337 бірлік компьютер сатып алу, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының 9 авариялық ғимаратын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың кемінде 12 зертханасын жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандыру, Ұлттық сараптама орталығының 11 зертханасын халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу және т.б. жоспарланған.

Сонымен қатар, ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қызметін цифрландыру тұжырымдамасы мен «ҚР-дағы биологиялық қауіпсіздік туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулер әзірленді.

Осылайша, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге, инфекциялық аурулардың алдын алуға, анықтауға, оқшаулауға, халықтың денсаулық жағдайына қолайсыз факторлардың зиянды әсеріне бағытталған бірқатар функцияларды іске асырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді