Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО полицейлері жолда қалған фура автокөлігіне көмек көрсеткен

Ағымдағы жылдың 31 наурызының таңғы сағат 06:30 шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 783 шақырымында Белорусь елінің 24 жасар азаматы Алматы-Өскемен тас жолының бойымен Солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, ауа райының қолайсыз болуына байланысты, көлік құралымен жол жиегіне түсіп кеткен, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Фураның басы жол жиегінде, ал тіркеуіші жол үстінде қалып, трасса бойын толық жауып қалған. Жақын жерде шағын көлік кептелісі пайда болған. Жүргізуші Аягөз аудандық полиция бөлімінен көмек сұраған.


Оқиға орнына жедел жеткен Аягөз АПБ жол және техникалық инспекция тобының мемлекеттік автоинспекторлары полиция капитаны Садыков Руслан Касенович, полиция лейтенанттары Баяхметбай Заңғар, Билялов Қайрат Ноғайбайұлы болған мән жайды дереу анықтап, мәселені шешудің оңтайлы шешімін тапқан. Инспекторлар погрузчик көлігін алдыртып, фураны жол үстіне шығару жұмыстарын жүргізді. 1 сағаттан артыққа созылған жұмыстар нәтижесінде фура жол үстіне шығарылды.


Көлікке материалдық шығындар келмеген. Адамдар бәрі аман-сау. Фура жүргізушісі полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, алыс сапарын жалғастырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді