Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында үстіне ескерткіш құлап қайтыс болған қыздың әкесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қыздың әкесі Айдос Сабыровтың айтуынша, 25 маусымда сағат 21:30 шамасында ол, ұлы мен қызы Айаруды Жеңіс саябағында серуендетіп жүрген. Айдос пен қызы велосипедті жалға алып, ал ұлы өзінің кішкентай велосипедін тепкен.
"Олар саябақтың ішкі жағына кіріп кетті. Артынша күтпеген жерден жаңбыр жауа бастады. Алдымен біз ағаштың астына тығылдық. Содан кейін қызым тоңа бастады, мен жейдемді шешіп,оған кигіздім. Малмандай су болғаннан кейін, қызым дірілдей берді. Сосын оны көтеріп, ұлымды артымнан ертіп парктің шыға берісіне беттедік. Шамамен 50 метр қалғанда қатты жел көтеріліп, ауыр заттар ұшып кете бастады, осылайша біз ескерткіштердің бірінің артына тығылуды шештік. Желдің қатты болғаны соншалық, биік ағаштар бүгілді. Кенеттен мен арқамнан қатты соққы сезіндім. Көздерім қараңғыланып, өліп жатырмын деп ойладым, дұға оқи бастадым. Бірақ кенеттен мен " әке " деп айқайлаған қызымның дауысын естідім, содан кейін мен өзіме келдім, білмеймін, Алла маған күш берді. Ол мені оятып, көзін жұмды. Мен мұқият қарап, үшеуіміздің үлкен тастың астында жатқанымызды түсіндім", - дейді Айдос Сабыров Atyrau ONLINE-ға берген ақпаратында.
Ұлының басы мен қолы ескеткіштің астында қалыпты.
"Қызымның денесінің бір бөлігі менің астымда қалды. Менің денемнің 85% -ын ескерткіш басып қалды. Осы кезде бізді бір жігіт көріп, көмектесуге келді, бірақ салмағы 1 тонна болатын ескерткішті орнынан жылжыта алмады. Содан кейін ол жүгіріп барып, тағы екеуін көмекке шақырды. Үшеуі тек ұлының қолын босата алды. Олар тағы да көмек іздеді, біз бұл күйде тағы 7-8 минут жатып қалдық. Қызыма көмектесе алмайтынымды түсініп, жүрегім қанжылады, мен қызымның соңғы азапты сәттерін ешқашан ұмыта алмаймын", - деп бөлісті әкесі.
Содан кейін тағы бірнеше адам көмекке келіп, ескерткішті орнынан қозғалта алды.
"Мен де оны өзімнен алыстатуға тырыстым. Балалардың жағдайы өте ауыр болды, екі жігіт оларды көтеріп, облыстық балалар ауруханасына өз бетінше апарды. Бас жарақатының салдарынан ұлы тілін тістеп, беті қанжоса болды. Бір қолы екі жерден сынды. Менде кеуде омыртқасы мен бір қабырға сынған. Бір қолым жұмыс істемейді, екі тізеде де гематома, жүре алмаймын, тіпті толық кеудеме дем де ала алмаймын. Дәрігерлердің айтуынша, қызым өлімге әкеп соқтырған бірнеше рет жарақат алып, жамбас сүйектерінің сынуы, ішкі ағзалардың жарылуы және ішкі қан кету салдарынан көз жұмған", – деді Айдос Сабыров.
Бұрын хабарланғандай, қайтыс болған қыз-2017 жылы туған.